« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
«Қызылорда қаласы «Сәулет» мөлтек ауданында спорт кешенін жалға алу» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша оңайлатылған конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті анықтау үшін конкурс өткізу туралы хабарландыру
«Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Қызылорда қаласы «Сәулет» мөлтек ауданында спорт кешенін жалға алу» мемлекеттік – жекешелік әріптестік жобасы бойынша оңайлатылған конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті анықтау үшін конкурс өткізетіндігін хабарлайды.
Жобаның атауы: Қызылорда қаласы «Сәулет» мөлтек ауданында спорт кешенін жалға алу.
Жобаның мақсаты: Қызылорда қаласы Сұлтан Бейбарыс даңғылымен қиылысатын Шоқай көшесі және Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының аралығы, «Сәулет» 28, 30, 31, 33, 38 және «Саяхат» 11, 17, 19, 20, 21, 22, 37 мөлтек аудандарындағы жасөспірім балаларды спорттық секциялармен қамтамасыз ету.
Жобаны іске асырудың мынадай нұсқалары қарастырылады:
- пайдалануға берілмеген құрылысы аяқталмаған объектілерді іске қосуды қамтитын құрылыс жолымен;
- жеке серіктестіктің дайын ғимаратын пайдалану жолымен.
Жобаның негізгі параметрлері мен талаптары:
1) жобаны іске асыру орны – Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы.
2) іске асыру кезеңі – 2020-2030 жж, пайдалану кезеңі – 120 айдан кем емес.
3) жобаның қуаты – 52 адам/ауысым.
4) спорт кешені 1 қабатты, 550-600 шаршы метрден кем емес, спорт кешенінде жаттықтырушылар бөлмесі, медбике (аға) кабинеті, киім ауыстыратын және жуынатын бөлмелер, әжетхана (ерлер, әйелдер), кіреберіс алаңының болуы қажет.
5) Жекеше әріптес кірістерінің болжамды көздері:
- жыл сайынғы жалға алу төлемдері;
- сондай-ақ өзге де табыстар, коммерциялық қызметтерден.
6) МЖӘ шартында белгіленген талаптарға сәйкес мемлекеттік қолдау – қызметтердің кепілдік берілген көлемін тұтыну шарасы.
7) Ғимараттың нысаналы мақсатын өзгертуге құқық ауыртпалығын тіркеу.
8) Теңгерім ұстаушы – спорт кешені жекеше әріптестің меншігінде қалады.
9) Жобаның техникалық күрделі және (немесе) бірегей тиістілігі: қатысты емес.
Әлеуетті инвесторларға қойылатын талаптар:
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңының 32-бабында және құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкестігі.
Жоба бойынша ұсыныстарды ұсынудың соңғы мерзімі: 14 ақпан 2020 ж.
Конкурстық құжаттаманың көшірмесін сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және сағат 15.00-ден 19.00-ге дейін мына мекен-жай бойынша алуға болады: Қызылорда қаласы, Ғ.Мұратбаев көшесі, №3, «Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 6-кабинет.
Конкурстық құжаттама тегін ұсынылады.
Байланыс деректері:
«Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Қызылорда қаласы, Ғани Мұратбаев көшесі, №3, кабинет 6.
Анықтама үшін: 8/7242/23 06 40
Электронды пошта: oblsport66@mail.ru.
Жұматов Серік Айдарбекұлы, бөлім басшысы.
Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу 2020 жылғы «17» ақпан сағат 15.00-де жүзеге асырылады. Толық ақпаратты байланыс деректері бойынша алуға болады.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |