БАЙҚАУ

«Сыр бойы» газетінің 90 жылдығы аясында жас журналистер арасында Қалқабай Әбенов атындағы «Тоқсан жылдың толғауы» атты байқау жарияланады.

Жалпы ереже

1. Байқау облыс­тық дең­гейде ұйым­дас­тыры­лады.

2. Байқаудың үйлес­тірушісі және ұйым­дас­тырушысы «Сыр медиа» ЖШС.

Байқаудың мақсаты:

3. Жас журналистер шы­ғар­­машылығының дамуына қолдау көрсету.

4. Мемлекеттік тілдің қол­данылу аясын кеңейту.

Байқауды ұйым­дас­тыру және оған қа­ты­сушыларға қойы­латын талаптар:

5. Байқауды ұйым­дас­ты­рып, өткізу мақсатында «Сыр медиа» ЖШС жанынан Ұйым­дастыру комиссиясы құрылады.

6. Байқауға бұрын-соң­ды жарияланбаған ма­териалдар жіберіледі.

7. Байқауға жасы 35-ке дейінгі бұқаралық ақ­парат құралдарында жұ­мыс істейтін тілшілер мен тәуелсіз қаламгерлер қа­тыса алады.

8. Байқау материалдары тиісті баспа және ақпарат құралдары жетекшілерінің ұсы­нысы бойынша қабыл­данады.

9. Байқауға әрбір қаты­сушы 2 не 3 мате­риа­лын әрқайсысы 3 парақтан аспайтын көлемде ұсына алады. А-4 форматында, Times New Rоman қар­пімен, 14 мөлшерде, 1,0 аралықта терілуі керек. Байқау материал­дарын сараптау барысында тақы­рып­тың өзектілігі және ма­ңызы, мазмұнның ашы­лу тереңдігі, шына­йы­лығы, жанр­лық шарт­тарға сәйкестігі, жаңа әдістерді қолданысқа енгізе білуі, тілі және стилінің ұғынықтылығы, зерттеу әдістерін енгізе білу ерекшелігі, ұтымды қолдана білуі есепке алынады.

10. Байқауға қатысу­шы­лар Ұйымдастыру ко­мис­сиясына (Қызылорда қаласы, Бейбарыс сұлтан көшесі, 4 А, байланыс телефоны: 8 (7242) 40-02-17, мынадай құжат­тарды қоса жібереді.

1) Төмендегі деректер көрсетілген өтініш: автор туралы мағлұматтар/туған жері, күні, айы, жылы;

- жұмыс немесе оқу орны, қызметі, тұр­ғы­лықты мекен-жайы, бай­ланыс құралдары және 3х4 суреті.

2) байқау материа­лы­ның қағаз нұсқасы.

11. Байқауға жіберілген мате­риалдар авторларға қай­тарылмайды.

12. Байқауға ұсынылған материалдарды қазылар алқасы бағалайды.

Байқауды өткізу және қорытындысын шығару тәр­тібі:

13. Байқау үш кезеңнен тұрады.

1) 2020 жылғы 5 қаңтар мен 5 наурыз аралығында бай­қауға қатысушылардан ма­те­риал­дар­ды қабылдау;

2) 2020 жылғы 10-18 наурыз аралығында мате­риал­дарды са­раптау және жеңімпаздарды анық­тау;

3) 2020 жылғы 20 наурыз­да байқау жеңім­паздарын сал­танатты мара­паттау рәсімі.

14. Байқау жеңім­паздары Қалқабай Әбе­нов­тің ұрпақтары атынан арнайы сый­лық­тармен ма­ра­патталады.

 

Ұйымдастыру 

комиссиясы.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 қаңтар 2020 г. 828 0