« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Облыстық әділет департаментінде «Халықты білікті заң көмегімен қамтамасыз етудегі мәселелер және оларды шешу жолдары» тақырыбында семинар өтті. Жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Б.Кесебаева, облыстық прокуратураның басқарма басшысының орынбасары Б.Нұрмағанбетов, қалалық №2 сотының судьясы Ж.Жәкеева, сондай-ақ, құқық қорғау органдарының өкілдері, адвокаттар, заң консультанттары қатысты.
Жиында сөз алған Мәжіліс депутаты Б.Кесебаева бүгінгі таңда халықты білікті заң көмегімен қамтамасыз етуде біршама өзекті мәселелер бар екенін атап өтті. Бұл орайда республика бойынша құқық қорғау саласы мамандарының ұсыныстарын жан-жақты қарап, соның нәтижесінде алдағы уақытта тұрғындарға заң көмегін көрсетудің жаңаша әдістерін енгізуге заң жобалары әзірленіп жатқанын айтты. Соның ішінде адвокаттардың қызметін ақпараттандыруға басымдық берілетінін, бұл – халықтың мүддесін қорғаудағы қажетті тетіктің бірі екенін жеткізді.
Облыстық прокуратураның басқарма басшысының орынбасары Б.Нұрмағанбетов баяндамасында тергеушілер мен адвокаттардың қызметін бағалау және оларға ақы төлеу жұмыстарын бір жүйеге түсіру қажеттігін айтты. Сонымен бірге, қазіргі таңда құжат алмасу жұмыстарының барлығы электронды түрде жүзеге асырылып отырғандықтан, сала жұмысының сапасы артып келе жатқанына тоқталды.
Жиын тақырыбына байланысты құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы А.Қосбергенова, Қызылорда қалалық №2 сотының судьясы Ж.Жәкеева баяндама жасап, өз тәжірибелерімен бөлісіп, қызмет сапасын арттыруға байланысты бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.
– Қазіргі таңда "Е-Заң көмегі" ақпараттық жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстар жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты халықты онлайн режимінде білікті заң көмегімен қамтамасыз ету, адвокаттық қызметті және Заң консультанттарының қызметін автоматтандыру, жұмыс процесін жеделдету болса, бұл бағытта облыста нақты жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінде облыс бойынша 139 адвокат халыққа қызмет көрсетуде. Бұл – адвокаттар алқасына кірген тұлғалар. Ал заң күшіне енгеннен бері адвокаттар алқасы 32 маманмен толықты. Сол сияқты, заң консультанттарының саны 151-ге жетті. Халыққа білікті заң көмегін ұсынуда олардан уақыт сұранысына сай сапалы қызмет көрсету талап етіледі,– дейді А.Қосбергенова.
Жиында облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Б.Әлмеш, облыстық полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі М.Алиева, облыс бойынша заң консультанттары палатасының төрағасы А.Жұмабаев өз салалары бойынша өзекті мәселелерге тоқталып, ұсыныстарын жеткізді.
Ғазиза ӘБІЛДА.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |