Алматыдағы «Сергек» камералары он бес күнде 53 миллион теңге көлеміндегі жол ережесін бұзу фактісін анықтады, деп хабарлайды
ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазірдің өзінде шамамен 53 миллион теңгеге 3200-ден астам заңбұзушылық анықталды. Күніне орта есеппен 200-ге жуық жол жүру ережесін бұзғандар тіркеледі», - дейді әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұратәлиев.
Оның айтуынша, қалада 400 «Сергек» камерасы бар. Оның 300-і жоғары жылдамдықты, қалған 100-і сызықтық режімде жұмыс істейді. «Яғни, бұзушылықтардың басым бөлігі жоғары жылдамдық режімінде тіркеледі», - деп қосты ол.