Әсет Исекешев Тоқаевтың көмекшісі болып тағайындалды

Әсет Исекешев президенттің көмекшісі - Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы болып тағайындалсын" - делінген хабарламада.

Әсет Исекешев 48 жаста. Отбасы, ұлы бар.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сөйлейді, заңгерлік білімі бар.

Әр жылдары Исекешев экономика министрінің кеңесшісі, индустрия және сауда вице-министрі, сондай-ақ мемлекет басшысының көмекшісі қызметтерін атқарды.

Сонымен қатар, 2009-2010 жылдары Исекешев индустрия және сауда министрлігін, ал 2014-2016 жылдары инвестициялар және даму министрлігін басқарды.

2010-2014 жылдары ел премьер-министрінің орынбасары болды.

Исекешев екі жыл бойы Нұр-Сұлтан қаласын басқарды, кейін президент әкімшілігінің басшысы қызметіне ауысты.

Сонымен қатар, оның әскери шені бар: ол - запастағы лейтенант.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін президент көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметін атқарған Қалмұханбет Қасымов Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 қаңтар 2020 г. 485 0