« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Эпидмаусымда (01.10.2019-09.01.2020 жж.) жалпы облыс көлемінде жедел респираторлы вирусты инфекциясының 5872 жағдайы есепке алынып, 100 мың халыққа шаққандағы аурушаңдық көрсеткіш 755,67%00 құраған. Өткен жылдың эпидмаусымымен салыстырғанда аурушаңдық 12%-ға артқан.
Ауруға шалдыққандардың 72,4% (4253) 14 жасқа дейінгі балалардың үлесінде, оның ішінде 16,7% (782) 1 жасқа дейінгі балалар.
Тұмау ауруының алдын алу мақсатында 2019-2020 жж. эпидмаусымына 80 000 доза вакцина сатып алынды.
Бүгінде 78 199 адам екпе қабылдады, бұл егілуге жататын контингенттің 100% құрап отыр.
Жұмыс берушілер есебінен де вакцинациялау қарқынды жүзеге асырылды. Жұмыс берушілермен жүргізілген жұмыстың нәтижесінде қаржылай қолдау көрсетіліп, 2000-ға жуық қыметкер тұмауға қарсы екпемен қамтылды.
Аурудың алдын алу, эпидемиологиялық ахуалды күрделендірмеу бағытында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан бастап халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстары күшейді.
Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті тұмаудың алдын алу бойынша келесі әрекеттерді орындауға кеңес береді:
*Тұмауға қарсы егу жасаңыз.
*Адамдар көп жиналатын жерлерде және қоғамдық көлікте болу уақытын қысқартыңыз.
*Адамдар көп жиналатын жерлерде медициналық бетперде пайдаланыңыз.
*Аурудың белгілері бар адамдармен тығыз қарым-қатынас жасамаңыз.
*Көшеден және қоғамдық көліктен кейін қолды, мұрын қуысын сабынмен мұқият жуыңыз.
*Үй-жайда жиі ылғалды тазалау жұмыстарын жасаңыз.
*Бөлменің ауасын желдетіп тұрыңыз.
*Күнделікті ас мәзірінде С витамині бар өнімдерді мүмкіндігінше көп тұтыныңыз.
*Дәрігердің ұсынысы бойынша иммунитетті арттыратын препараттар мен құралдарды пайдаланыңыз.
*Салауатты өмір салтын ұстаңыз, теңгерімді тамақтаныңыз және үнемі дене шынықтырумен айналысыңыз.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |