Атқарылған істің ауқымы кең

Облыстық ТЖД бастығы Омар Бержановтың төрағалығымен кеңейтілген жедел кеңес өткізілді.

Күн тәртібінде 2019 жылғы атқарылған жұмыстар легі талқыланып, департамент бастығы Омар Құмарұлы қызметкерлердің өткен жылғы еселі еңбектеріне бағасын беріп, кемшін  тұстарды да сынға алды.

Расында, өткен 2019  жыл төтеншеліктер үшін тынымсыз жыл болды. Мәселен, облыс аумағында орын алған 632  табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды дер кезінде оқшаулап зардап шеккен 155 азаматқа қол ұшын берген.

Ал, халық арасында су айдындарына шомылу  кезеңінде жүргізілген үгіт-насихат жұмыстарына қарамастан 26 адам рұқсат етілмеген су айдындарына шомыламын деп қаза тапты. Қауіпсіздік ережелерін ескермей, мертіккендер  санының көбеюі облыс аумағындағы ресми жұмыс жасап отырған 3 ғана жағажайдың халық үшін аздығы һәм қалтаны қағып түсер сол жағажайларға барудан бас тартып, қауіпті болсада тегін суға түсуді әдетке айналдырғандардың салдары болып отыр.

Халық үшін қашанда қалтқысыз еңбек етуді өмірлік кредосы санаған төтенше жағдайлар департаментінің ведомстволық бағынысты бөлімше қызметкерлері бір жылдың ішінде 406 адамды  құтқарды. Бұл өткен 2018 жылмен салыстырғанда 24% ға артып отыр. Тіпті , сала мамандары ТЖ аумағынан 1034 адамды эвакуациялап, 321 адамға алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Сонымен қатар, 883 авариялық–құтқару және кезек күттірмейтін  жұмыстар атқарылды.

Елді-мекендерді су басуға жол бермеу мақсатында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, су тасқынының жағымсыз әсерін төмендету бойынша да жүйелі жұмыстар атқарылып,  1081 адам, 361 бірлік техника, 75 су сору мотопомпасы және 2 тікұшақ. Оның ішінде ТЖД 117 жеке құрамы, 18 техника, 10 жүзу құралы дайындыққа келтірілді.

Қала мен аудандарда тасқын су кезеңінде 156 мыңға жуық адамды көшіруге арналған 79 эвакуациялық жинақтау және 99 қабылдау пункті дайындыққа келтірілді.

Жыл ішінде ТЖД қызметкерлері тұрғындар арасында судағы және мұздағы жүріс-тұрыс ережелері бойынша үздіксіз үгіттеу-түсіндіру жұмыстарын жергілікті және республикалық БАҚ арқылы жариялап, кеңінен жүргізді.

Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің облыстық кіші жүйесін дайындау жоспарына сәйкес Департамент жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп «Көктем-2019», «Қыс-2019», «Ағын», «Қорғау-2019» РКШОЖ өткізді. Сонымен қатар сыр өңірінде алғаш рет Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған «Протон-М» зымыран тасығышының аварияларына байланысты төтенше жағдай туфндаған кездегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарының, күштері мен құралдарының дайындығы» тақырыбында   Қызылорда облысы аумағында «Протон-2019» Республикалық командалық штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Мұнда теориялық, практикалық мәселелері пысықталып,  төтенше жағдай орнына көмекші құрал ретінде Ресей Федерациясының №70 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі мен «Ғарыш-айлақ» зерттеуорталығы мен жергілікті атқарушы органдары жұмылдырылды.  Қармақшы ауданы  Дерментөбе ауылына құлаған  «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылған «ПРОТОН» зымыран орнына Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары  М. Күлдіков арнайы келді.        Сонымен 2019 жылы департаменттің аумақтық құрылымдық бөлімдерімен, жергілікті атқарушы органдармен және Азаматтық қорғау жасақтарымен бірлескен 1069 оқу-жаттығу өткізілді. Иә, талай толымды тірліктерді талқыға салған кеңес отырысында құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту, сондай-ақ жеке құрам арасындағы тәртіпті және заңдылықты нығайту бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру тақырыбы да назардан тыс қалмады. 

Мәселен, 2019 жылы департаменттің өзіндік қауіпсіздік тобы Қызылорда облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп, тәртіп пен заңдылықты күшейту мақсатында, қызметкерлердің құқыққа қарсы іс-әрекеттерін анықтау және жолын кесу бойынша 48 рейдтік іс-шара жүргізілді. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 24 бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 9 қызметкер жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 13 қызметкер қызметтік тәртіпті бұзғандары үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды және 2 қызметкер есірткі заттарын пайдаланғаны үшін азаматтық қорғау органдарынан теріс себептермен шығарылды. Мұндай өрескел құқық бұзушылық әрекеттерді сынға алған кеңес төрағасы  жемқорлықтың алдын алу бағытында жүргізілген  23 семинар мен дәрістер, 3 рет халықпен кездесу және 38 басқа да іс- шараларға қарамастан   тіркелген 2019 жылдың 11 айында 132 қызметкерге 152 тәртіптік жаза, 6 қызметкер жұмыстан теріс себептер бойынша , 1 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық дерегін өзге қызметкерлерге сабақ ретінде ескертті.

Сонымен қатар, алдағы 2020 жылда да тәртіптік, сыбайлас-жемқорлық пен  құқық-бұзушылықтың алдын алдын алу бойынша шараларды күшейту Төтенше жағдайлар департаментінің қызметіндегі басым бағыттардың бірі болып қалуда.

 Сыр өңірінің басты тақырыбы су тасқынының алдын алу шараларының инженерлік-техникалық шараларының орындалуын қамтамасыз ету  және жылу беру маусымы аяқталғанша тұрғындар арасында сапалы түсіндірме жұмыстарын  кешенді түрде жүргізіп, қауіпсіз өткізу керек екендігін облыстың бас құтқарушысы қадап айтты.

Қызылорда облысы ТЖД

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 қаңтар 2020 г. 591 0