| « Қараша 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Тегін берілетін дәрілер тізімі ұлғайғанымен қымбат дәрілер алынып тасталды деген шағымдар аймақтардан түсіп жатыр. Мәселен, "Сальбутамол", "Альвеско" деген аса қымбат дәрілер қазір берілмейді деген ақпарат тараған. Халық арасында туындаған осы мәселеге қатысты тілшінің сауалына "СҚ-Фармация" ЖШС басшысы Берік Шәріп брифинг барысында жауап берді. Спикердің сөзіне сүйенсек, мекемелер дәрілермен толығымен қамтамасыз етіліп жатыр.
Бұл орайда, ол өңірлерде жылда тегін берілетін дәрі-дәрмектерді аларда "пациент жылдың басында және жылдың соңында қиналады" деген пікірге қатысты түсініктеме беріп өтті.
Әр жылы бұл жағдай болып тұруы мүмкін. Бірақ, уақытша ғана. Өйткені, біз 5 қаңтардан бастап дәрі-дәрмекті 160 мекемеге толығымен жеткізуді бастадық. Кейбір кезде, өкінішке қарай, ауа райының қолайсыздығына байланысты жол жабылып қалады. Соның салдарынан мәселен, 5 қаңтарда емес, 8 қаңтарда кешіктіріп жеткіздік. Қазір біздің қоймаларда дәрі жеткілікті түрде бар. 14 млрд теңгеге дәрі-дәрмектер мекемелерге жеткізіліп жатыр, - деді "СҚ-Фармация" басшысы.
Айта кетейік, науқастардың қандайда бір шағымдары болып жатса, "1439" нөміріне тегін қоңырау шалу арқылы толыққанды жауап ала алады.
| « Қараша 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |