Орал қаласында волейболдан 2005-2006 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты өтті.
Ел чемпионатында Сыр волейболшылары тағы да өздерінің мықтылықтарын дəлелдеп, 1-орынды жеңіп алды.
Айта кетейік, осы жас ерекшелігі бойынша шеберлік байқасып жүрген жерлестеріміз Қазақстан Республикасының жазғы, күзгі жəне қысқы чемпионаттарына қатысып, төрт мәрте чемпион атанған болатын.
Бұл – олардың бесінші жеңісі.
Команданы жарысқа Батырқожа Бабаев, Самат Сопбеков жəне Мұрат Мұхамадиев дайындады.
Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласында 2007-2008 жылдары туылған жасөспірімдер арасында өткен ҚР қысқы чемпионатында жерлестеріміз 1-орынды иеленді.
Команданы жарысқа Өтепберген Абдраманов дайындады.
2005-2006 ж.т жасөспірімдер арасында Бекнұр Сайрамбек, Руслан Қалдыбек, Жанарыс Əлден, Бекарыс Досмағамбетов, Нұрхат Кенжебек, ал 2007-2008 ж.т. жасөспірімдер арасында Ержігіт Айбекұлы, Əділет Амангелдіұлы, Ғазиз Ізатіллаұлы, Богдан Таланов, Дамир Ибрагим жəне Ғабиден Алтынбек жақсы ойын өрнегін көрсетіп, команданың алға шығуына өз үлестерін қосты.
Спортшылардың алдағы мақсаты - Қазақстан Республикасының көктемгі чемпионатында сәтті өнер көрсету.