Кәсіпкерлер бас қосты

Кәсіпкерлер бас қостыБүгін «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының төрайымы Самат Жанат Саматқызының аудан кәсіпкерлерімен кездесуі болып өтті.
Жалпы Сырдария ауданында 2011-2014 жылдар аралығында «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 13 несие серіктестіктері мен микрокредиттік ұйымдар жеңімпаз атанып 267 адамға 512 млн. теңге қаржыны таратқан. Оның ішінде мал шаруашылығымен айналысуға 233 адам, халыққа қызмет көрсету үшін (шаштараз, монша, компьютерлік қызмет), автокөлікке жөндеу жұмыстарын жасау үшін 5 адам, жиһаз жасауға 1 адам, наубайхана 3 адам кәсіп түрлері үшін несие берілген.
Бүгінгі күнге несие алғандарды қоса есептегенде 397 жаңа жұмыс орны ашылған. Үстіміздегі 2014 жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» екінші бағыты аясында республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен 222 млн. теңге қаржы жоспарланған, деп мәлімдеді аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 тамыз 2014 г. 766 0