Аралдықтар «Волонтерлік десант» акциясына үн қосты

«Басқаға қуаныш сыйлай білген – ең бақытты жан» деген екен француз философы Дени Дидро. Осы орайда, биылғы жылды Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Волонтерлар жылы» деп жариялауы тегін емес.
Ерікті волонтер болу дегеніміз риясыз мейірімділік көрсету, жаңа дағдыларға үйреніп, адамдарға жақсылық жасау мүмкіндігі шектеулі жандардың қызықты да əсерлі істер мен оқиғалардың ортасында болуы үшін көмектесу, тағдырдың тезімен қиын жағдайға тап болған адамның жанынан табылу, қолынан келгенше сүйеу бола білу деген сөз. Ол екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс.
Бүгін осындай жақсылыққа жаны құмар бір топ аралдық еріктілер «Волонтерлік десант» акциясына үн қосып, қаладағы зейнеткер, жалғызбасты қарттардың ауласын қардан тазартып, үй шаруасына көмектерін көрсетті.
Біраз шаруаның басын қайырған еріктілерге қарттар да алғысын жаудырып, парасаттылық жолдан таймай, мерейлерінің үстем болуын тілесті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 қаңтар 2020 г. 531 0