Ресми Тегеранның мәлімдемесіне байланысты Украина президенті Владимир Зеленский пікір білдірді, деп хабарлайды
«Хабар 24».
Ол өзінің Facebook-тегі парақшасына «Бүгінгі таң жайсыз басталғанымен, шындықтың беті ашылды», деп жазды. Владимир Зеленский Иранның өз кінәсін толық мойындап, дипломатиялық жолмен ресми кешірім сұрауын күтетіндігін жеткізді. Сосын кінәлі әскерилердің жауапқа тартылуын, тергеудің ашық жүргізілуін және қаза тапқан жолаушылардың жақындарына өтемақы төленуін талап ететінін аңғартты.