2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) күшіне енді. Осы мақсатта өткен жылы ҚР ДСМ бұйрығымен «Өңірлердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге дайындығын қамтамасыз ету үшін жедел өзара іс-қимыл жөніндегі орталық штаб» құрылған болатын. Штаб құрамына орталық мемлекеттік органдар тарапынан жауапты қызметкерлер бекітілді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасында облыс әкімінің орынбасары Бақыт Жахановтың төрағалық етуімен өңірлік көшпелі штабтың кезекті отырысы өтті. Жиынға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Ілияс Бәкіров, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ өкілдері, Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы мамандары мен өңірлік штабтың мүшелері, аймақтың медицина қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ селекторлық байланыста ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров болды.
– Әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізілуіне сәйкес, медициналық көмек ауқымының 20% ұлғаюына орай, 2020 жылы Қызылорда облысы денсаулық сақтау жүйесінің бюджеті 55156594 мың тенгені құрап отыр, – деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Қ.Надыров.
Ол, сондай-ақ, амбулаторлық-емханалық көмектің қаржыландыру көлемі де 2020 жылға 12% артып, 1701996 мың тенгені құрағанын атап өтті. Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің басым қаржыландырылуы аймақ тұрғындарын алдын алу шараларымен қамтуға бағытталды. Консультативтік-диагностикалық қаржыландыру көлемі 6 есеге көбейіп, оңалту-емдеу шараларын қаржыландыру 11 есе артты. Амбулаторлық, дәрілік қамтуға тегін медициналық кепілді көмек (ТМККК) және МӘМС жүйесін қаржыландыру 2 есеге артты. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап балаларға рецепт бойынша берілетін дәрілер медициналық сақтандыру есебінен тегін болады.
Мұнан соң министрлік өкілі І.Бәкіров штабтың өткен жылғы отырысында МӘМС жүйесін енгізу бойынша берілген тапсырмалардың орындалу барысын баяндады. Жүйені енгізудегі қиындықтар туғызуы ықтимал өзекті мәселелерді жою бойынша тиісті тапсырмалар беріліп, олардың атқарылуы жөнінде бірінші кезекте, медициналық қызметкерлер каскадты әдіс-тәсілімен қайта оқытылымдардан өткізіліп, бағалау тесттері алынды. Оқыту семинарлар жалғасады.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасы негізінде 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі өткізілген медициналық қызметкерлердің МӘМС жүйесін білу деңгейіне сәйкес бағалау тест аяқталып, облыс бойынша қорытындысы шықты. Одан бөлек, өңірлік штабта берілген тапсырма негізінде бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) көрсететін медициналық мекемелердің дәрігерлерін, орта буынды дәрігерлерін және де тіркеу орнының қызметкерлері каскад әдісімен қайта оқытылымдардан өткізіліп, бағалау тест алынды.
Жиында МӘМС жүйесінен тыс қалып қою қаупі бар өзектендірілмеген азаматтардың саны туралы дерек келтірілді. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҚЕАҚ-ның облыс бойынша филиал директоры Б.Исмаханбетов 3 қаңтардағы мәлімет бойынша республикада өзектендірілген адам саны 2241934 болса (82,8%), облыста, сәйкесінше, 90644 болып отыр (80,1%). Еліміз бойынша 465689, ал Қызылорда облысында 22503 адам (2,8%) өзектендіруді қажет етеді.
Филиал директоры облыс бойынша 2020 жылға медициналық қызметтер үшін орналастырылатын қаржы көлемі 55156594 мың теңгені, оның ішінде 40612105 мың теңгесі ТМККК (74%), МӘМС жүйесіндегі медициналық қызмет үшін 14544489 мың теңге (26%) құрайтынын жеткізді. Өңірлік комиссия хаттамасы бойынша 53157904 мың теңге медициналық ұйымдарда орналастырылатын болып шешілді. Оның ішінде ТМККК – 39373174 мың теңге, МӘМС жүйесіндегі медициналық қызмет үшін 13784729 мың теңге құрады. Ал қалған 1998689 мың теңгенің (ТМККК – 1238930 мың теңге, МӘМС – 759759 мың теңге) қызметтері қосымша веб-порталда қайта жарияланып, хаттама негізінде орналастырылады.
Облыс бойынша 2020 жылға жоспарланған консультациялық-диагностикалық көмектің КТ мен МРТ тексеру қызметіне 1243131 мың теңге жоспарланды. Облыста 7 КТ аппараты мен 4 МРТ аппараты орналасқан. Ең жоғары жүктеме жағдайында өңірде жылына шамамен 133 мыңнан астам КТ қызметі және 38 мыңнан астам МРТ қызметі көрсетіледі. Медициналық оңалту қызметін көрсететін мекеме саны 2019 жылы – 23, ал 2020 жылға 28 болып, 5 мекемеге артқан. Оның ішінде 18 мекеме – мемлекеттік, 10 мекеме – жеке, ал 2-і мемлекеттік туберкулезге қарсы оңалту мекемелері. Қазіргі уақытта медициналық көмектің түрлері орналастырылып, медициналық қызметтерді сатып алу шаралары аяқталды. Сатып алу шарасының нәтижесінде 56 медициналық қызмет көрсетуші қатысты, оның 28-і мемлекеттік-жекеменшік мекеме (50%).
Штаб отырысында жүйені енгізуге атсалушы басқа салалар өкілдері өздері тарапынан атқарылған жұмыстар есебін берді.
Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ.