Олжалы оралды

Нұр-Сұлтан қаласында өткен математика пәні мұғалімдерінің фестивалінде Қызылордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Сәбит Бәймен біліктілігімен ерекшеленіп, олимпиаданың 3-орын иегері атанды.
Үшінші рет өткен фестивальға елі­міз­дің Назарбаев Зият­керлік мек­теп­терінің 100-ге жуық педагогі қатысты. Үш күнге созылған шарада қатысушылар математика пәнін оқытудағы өзекті мәселелер аясында 20 тақырыптық семи­нарда тәжірибе алмасып, оқушы­лардың білім деңгейін арттырудағы тың идеяларымен бөлісті.
Сондай-ақ, фестиваль барысында қаты­сушылар арнайы өткізілген олимпиадада күрделі есептерді шығару арқылы логикалық қабілеттерімен сынға түсті. Нәтижесінде қызылордалық С.Бәймен жоғары ұпай жинап, үздік үштіктің қатарынан көріне білді. Олимпиаданың үшінші орын иегері атанған жас математик бұл фестивальдің барлық педагогтар үшін озық тәжірибе алмасу алаңы болғанын айтты.
– Басқа мұғалімдердің жұмыстарын көріп, өзіміздің тәжірибемізбен де бөлісу мүмкіндігін алдық. Заманауи білім беруде қажетті оқыту әдістемелері мен математика пәніне деген қызығушылықты арттыратын тәсілдер қарастырылған семинарларда барлық қатысқан ұстаздар алдағы жұмыстарын жандандыруға жаңа идеялар мен мотивациялар алды деп ойлаймын, – деді ол.
«СБ» ақпарат.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 қаңтар 2020 г. 619 0