Қызылордада өрт қауіпсіздігі шаралары күшейтілуде

Өткен жылдың 10-28 желтоқсан аралығында жаңа жылдық мерекелік шаралар кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында 474 шара ұйымдастырылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Төтенше жағдайлар департаментінің Зіл залалар қауіп–қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының басшысы БақтиярТұрманов мәлімдеді.
– Қарау барысында алғашқы өрт сөндіру құралдарының жұмысқа жарамдылығына, жаңа жыл шыршасын электр гирляндалармен, иллюминациялармен қауіпсіз безендірілуіне аса назар аударылды. Нәтижесінде талапқа сай келмейтін 503 заң бұзушылық анықталды. Сондай-ақ, 31 желтоқсан мен 8 қаңтар аралығында 6 өрт оқиғасы тіркелді. Оның 5-уі тұрғын үйде, 1-уі автокөлікте, – деді Бақтияр Маханбетжанұлы.
Мұнан өзге, сала мамандары өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтін пиротехникалық бұйымдарды рұқсат етілмеген орындарда және тиісті сертификатсыз сатуға тыйым салған. Осы орайда арнайы топ құрылып, 45 рейдтік жедел-профилактикалық іс-шара жүргізілді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 қаңтар 2020 г. 599 0