Абай арманы-халық арманы. Халық арманы мен аманатын орындау жолында аянбағанымыз абзал. Еліміздің президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қазақтың ұлы ақыны, кемеңгер Абайдың 175 жылдығына орай өз мақаласын осылайша қорытындылап, ой тастау арқылы елім, жұртым деген әрбір патриот азаматтың жүрегіне үндеу салды.
Адамзаттың Абайы атанған ұлы тұлғасы бар қазақ халқы-бай халық. Әлемнің көптеген тілдеріне шығармалары аударылып қазақ халқын танытқан, «Абай жолы» романы арқылы әлем елдері қазақ халқының жолымен, өмірімен танысты. Ендеше, ақын, ағартушы, философ, хәкім Абайдың 175 жылдығына орай шығармаларын насихаттау мен халық арасында ұлы ақынның мерейлі жасын атап өту жылында өлеңдері мен нақыл сөздерін челлендж арқылы тарату үлкен бастама болды деуге болады.
Бұл ретте еліміздің президенті Қасым-Жомарт Кемелұлынан бастап бұл челленджге белсене қатысып, сонымен бірге бүгінгі таңда жарық көрген мақала өте бір халықтың әдебиеттен рухани азықтан шөлдеп, шөліркеп тұрған тұсына тұспа тұс келді деуге болады. Осы орайда бұл челлендж Сыр өңірінің ұстаздары мен оқушыларын, тіпті дүйім халықты өлеңдер мен шығармаларын оқу эстафетасына қатысу арқылы ойымызды ұштап, санамызды серпілдірді. Дамыған заманда, рухани жаңғыру кезеңінде ең алдымен қоғамдық сананы оятып, ұлы ойшылдың әрбір сөзінен нәр алып, жаңғыру қажеттілігін өте орынды жеткізді.
Президентіміз түгелдей халық болып, ел болып Абай мұраларын тағы бір зерделеп шығуына, күнделікті күйбең тіршіліктен мойын көтеріп қараңғыдан жарыққа қарай бет алып Абай жаққан шыраққа қарай, көңіл сәулесін жарқыратуға, ой санамызды ұлы тұлғаның шығармаларындағы өзектілігін жоймаған келелі тақырыптарды қарап шығуымызға тағы бір себеп болғандығын айтқым келеді.
Бұл мақалада қаншама жыл өтседе Абай өлеңдері мен шығармаларын оқи отырып, осы кезеңнің өмірі мен өмірдегі түйіткілдерін көре білген көрегендігіне тамсанатынымызды, таңырқайтынымызды және оны өз ісімізде де қолдануға шақырады. Ақын дәл осы кезеңді көріп, біліп жырлағандай ел болып көтеріп жүрген, көріп жүрген мәселелерді дәл сол кезеңде жазып кеткен көрегендігін айқын көрсеткен президент. Заман шындығы, қоғам көрінісі, алауыздық пен татулық, мансапқорлық пен адамзат жауының не екендігіне дәл әрі нақты пікір, өткір көзқарас білдірген. Абай сөзінің бүгінгі заман үшін көкейтестілігін, қай тұсынан тағылым алуға тиіс екендігін де анық бере білген, ол әрине Абай шығармаларындағы ең бір басты мәселе және рухани жаңғыратын тұсы ол- білімге құштарлық, адамзат баласына жол көрсете білуі, «жасымда ғылым бар деп ескермедім», «ғылым таппай мақтанба», жастарды оқу білімге құштарлығын оята білген, тіл үйренуге деген қажеттілік, жалқаулық пен енжарлықтан бас тарту қазіргі қоғамда жастарға ең басты нәрсе екені айшықты жеткізілген.
Президентіміз өз мақаласында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Заманалар ауысып, дүние дидары өзгерсе де, халқымыздың Абайға көңілі айнымайды, қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі деп, келтіре отырып, еліміздің тізгінін ұстап, халқымызды басқарған және осы кезеңде басқарып отырған екі ұлы тұлғаның да Абайдан сусындағаны, Абай өлеңдерімен халқымызды, Қазақ елін, қазағын биіктерге, асқар асуларға шақырғандығын және сол әдіспен басқаруларында үлкен мән жатыр.
Мақала халықтың жүрегінен орын алатынына сенімдімін, тілі орамды, оқуға жеңіл, көңілге қонымды. Өзім ұстаз ретінде және Абай Құнанбаев еңбектерін сүйіп оқитын адам ретінде мақаланы оқып отырып әрбір сөзге мән бере отырып, келесі ой не туралы болады екен деген қызығушылық жетелеумен, аса ыждығыттылықпен, тұжырымды әрі саф алтындай салмақты ойлармен тұшымды жазылғанын аңғардым. Мақаланың тарихи, әдеби, саяси-мәдени және стратегиялық маңызды дүние екендігіне күмәнім жоқ.
А.Уткелбаева,
№101 Әли Мүсілімұлы атындағы
мектеп-лицейінің директоры.