«Мұздық құбылыстарға байланысты Қызылорда облысының Қазалы қаласы тұсында Сырдария өзеніндегі су деңгейі 630 см көтерілді және де қауіпті белгіге жақындады», делінген дауылды ескертуде.
Нақты деңгей сағат 12:00-де 630 см болған, қауіпті деңгей 640 см (судың өзен арнасынан жайылып кетуі) шамасында. Ал, шекті деңгей 743 см (елді-мекенді су басу қауіпі туады). «Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтіледі», делінген хабарламада.