Қызылордада аулада тұрған автокөлік жанып кетті

Қызылорда қаласында тұрғын үйдің ауласында тұрған жеңіл автокөлік өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өрт оқиғасы Қарасақал Ерімбет тұйығындағы тұрғын үйде болған. Жергілікті 112 құтқару қызметіне есік алдында тұрған «Volkswagen Tuareg» автокөлігінің өртеніп жатқаны жөнінде хабар келіп түсті. «Оқиға орнында өрт сөндіру қызметі барлау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде жанып жатқан автокөлік өрті тұрғын үйге қауіп төндіргенін анықтады. Мамандар дереу іске кірісіп, өртті сөндіруге кірісіп кетті. Өртті сөндіруге барлығы 5 қызметкер, 2 техника жұмылдырылды. Өрт салдарынан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің баспасөз маманы Әлия Ережепова.
 Қызылордада автокөлік өртену жағдайы жиі кездесіп отыр. Былтыр қауіпсіздік талаптары сақталмауы салдарынан 100-ден астам көлік өртенген. Сондай-ақ, кеше Қызылорда облысында тас жолда көлік өртеніп кеткен болатын.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 қаңтар 2020 г. 253 0