« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Бүгін отандық баспаларда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халқымыздың дара, дана ойшылы, ақын Абай Құнанбайұлы жөнінде «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарық көрді.
Абай Құнанбайұлы – халқының алға озып, өнер мен білім үйренуін айтқан әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Биік парасатымен қазақ жазба өнерін келесі деңгейге көтерген, қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор.
Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Мемлекет басшысы «Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін арнайы құрылған комиссия дайындық жұмыстарын бастап кетті. Мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр» деді. Игі іске жастар – біз де өз үлесімізді қосатын боламыз.
Ұлы ойшылдың әрбір жазбасы, әрбір сөзі мыңдаған ғасыр өтсе де, өзінің бай құндылығын жоғалтпайды. Ақыл, өсиеттері қазақ жастарына таусылмас ақылдың кені және руханият байлығы болып қала бермек.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |