Қызылорда облыстық Статистика департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша облыстағы бірқатар департамент қызметкерлерінің қатысуымен кездесу өтті. Жиынға республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталығының төрағасы жəне ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі Төлеген Байғұлов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов қатысып, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша пікір алмасты.
Шарадан соң облыстық полиция департаменті басшылығымен бірлесіп тақырып бойынша талқылау ұйымдастырылды.