« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының туындысы – «Шыңырау» фильмі Әбіш Кекілбайұлының осы аттас повесінің желісі бойынша түсірілген. Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша таспаланған картинада құдық қазушы Еңсептің оқиғасы баяндалады.
Сценарий авторы және режиссері Жаңабек Жетіруов бұл фильмде ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамында қалыптасқан әлеуметтік проблемаларды қозғайды. Жартылай отырықшы және көшпелі тұрмыс кешетін қазақтардың арасын жалғастырып жүрген басты кейіпкер Еңсеп шыңыраудан құдық қазып, Үстіртте аты шығады. Еңсеп бай, ауқатты адамдардың құдығын қазып, кедей-кепшіктердің тапсырыстарына атүсті қарайды. Осы тәкаппарлығы өзіне кесір болып, ол ақыры жұмыссыз қалады. Ауылға Бұхара жақтан көшіп келген Қалпақ деген біреу Еңсептің орнын басып, Үстіртте ең терең құдық қазады. Бұл Еңсептің қызғанышын оятады. Ол одан да терең құдық қазам деп қайтпас кайсарлық көрсетсе де ақыры бәсеке түбіне жетеді.
Режиссер киноға колоритті жаңа кейіпкерлер мен сюжеттік желілерді қоса отырып, жазушының шығармадағы түпкі ойынан ауытқымайды, керісінше оны барынша аша түскені байқалады. Фильмдегі аруақтарға зиярат ету мен Маңғыстаудың жерасты мешіттеріндегі эпизодтар, күн батып бара жатқандағы көріністер көрерменге ерекше әсер етеді. Осы туындыны көргенде батыс өңірдегі жерасты мешіттеріне баруға құштарлық оянатыны сөзсіз.
Фильм әлеуметтік теңсіздік, тіршілік үшін өте ауыр еңбек тақырыбын қозғай отырып, менмендік, бақталастық, махаббат, достық, қастандық сынды адамға тән қасиеттерді көрсетеді.
«СБ» ақпарат.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |