Бұдан былай тұрмыстық зорлық-зомбылық, былапыт сөйлеу, қорлау, кемсіту үшін әкімшілік жаза түрлері өзгертілді, деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Енді "жанжалдар" үшін үш тәулікке емес, бес тәулікке қамауға алынады (әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 73-бабы). Яғни, жауапкершілік күшейтілді. Бұл құқық бұзушылықтың алдын алу және зардап шеккендерді қорғау үшін жасалған. Ал қол жұмсау және физикалық зардап келтіргені үшін әкімшілік қамауға алу бұрынғыша (20 тәулікке дейін) қалды (әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1, 73-2 баптары).
"Нақты айтқанда, бұл баптардағы айыппұл түрлері ескерту берумен алмастырылды. Мұндағы логика қарапайым. Бұрын "дебошир" отбасылық бюджеттен айыппұл төледі. Бұдан әйелі мен балалары зардап шекті. Сонымен қатар, ескерту – жазаның баламалы түрі ғана екенін білу маңызды. Егер екінші рет болса, онда ескерту болмайады. Бұл жағдайда сот 20 тәулікке дейін қамауға алады. Барлығы нақты істің мән-жайына байланысты", - делінген жарияланған ақпаратта.
Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қарсы іс-әрекеттерді (ӘҚБтК 73-бабы) және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (ӘҚБтК 73-1-бабы) немесе ұрып-соғу (ӘҚБтК 73-2-бабы) әрекеттерін алғаш рет жасаған адамдарды, егер олар жәбірленушілермен, арыз берушілермен татуласса және келтірілген зиянның орнын толтырса, тек сот қана жауапкершіліктен босатуы мүмкін.
"Енді осындай фактілер бойынша барлық істерді полиция сотқа жібереді. Бұрын өндірістің кез келген сатысында олар татуласқан жағдайда, соның ішінде егер өтініш беруші наразылықтан бас тартса, отбасы есебінен айыппұл төлеу қажеттілігі себебі бойынша, соның ішінде полиция арқылы тоқтатылуы мүмкін еді. Егер жүйелі түрде ұрып-соғу болса, онда бұл ҚК- нің 110-бабы "азаптау", онда бірінші бөлігінің санкциясы-2 жылға дейін, ал екінші бөлігі-4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған", - делінген ІІМ ақпаратында.