« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры екі жұмыста істейтіндердің жарнасы қалай төленетінін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қор басшысы Айбатыр Жұмағұловтың айтуынша, екі жұмысты қатар алып жүрген азаматтардың жарнасы екі жақтан да төленеді. Бірақ оның көлемі белгілі бір сомадан аспауы тиіс.
"Жарна табыстың көлеміне қарай төленеді. Сондықтан екі жұмыс болса, екі жақтан да аударылуы шарт. Бірақ нақты шектеу бар. Жарнаның көлемі 6 мың теңгеден аспауы тиіс", - деді Жұмағұлов астанада өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, 2020 жылы 1 қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі толығымен іске қосылды.
Медициналық сақтандырудың негізгі талаптары:
Тегін медициналық көмек түрлері қала береді. Соның ішінде жедел жәрдем, санитарлық авиация және тағы басқа қызметтер бар. Ал міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың арқасында қымбат қызметтер қолжетімді болады, дейді министрліктегілер.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |