Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтында 2020 жылғы діни күндер күнтізбесі жарияланды, - деп хабарлады
24.kz.
Оған сәйкес, қасиетті Рамазан айы 25 сәуірде басталады, ал Құрбан айттың бірінші күні 31 шілдеге тұс келеді. 20 мамырдан 21 мамырға қараған түні мұсылман жамағат Қадір түнін қарсы алса, Ораза айт мейрамын 24 мамырда, Құрбан айтты 31 шілдеден бастап атап өтеді.
Ескерту: Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Алайда діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір тәулікке шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін.