Қызылорда қаласы әкімінің өкімімен 2019 жылғы 5 желтоқсаннан бастап Ақжігітова Индира Сансызбайқызы қала әкімі аппаратының электронды әкімдікті дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Индира Сансызбайқызы 1973 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 1994 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «физика, информатика және есептеуіш техника», 2009 жылы Қарағанды экономикалық университетін «есеп және аудит» мамандықтары бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1995 жылы Қызылорда политехникалық институтында физика және электротехника кафедрасының ассистенті қызметінен бастап, кафедра оқытушысы, 1997 жылы облыстық білім берудің жаңа технологиялар мен информатизациялау орталығының директоры, 2006 жылы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде бас маман, 2007 жылы облыс әкімі аппаратының электронды әкімдікті интеграциялау және дамыту бөлімінің меңгерушісі, бөлім басшысы, 2017 жылы облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, 2019 жылдың сәуір айына дейін Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы қызметтерін абыроймен атқарып келді.
2019 жылдың сәуір айынан бастап осы кезге дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы «Agile Solutions» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры қызметін атқарды.