Қызылордада полиция жаңа жылдық безендіруді қиратқан бұзақыларды оқиға орнында ұсталды
Оқиға бүгін таңғы сағат 06.45-тер шамасында болған. 20-26 жас аралығындағы үш қызылордалық жеңіл автокөлікпен облыс орталығындағы Орталық алаңға барған. Жігіттер Жаңа жылдық шырша маңында безендірілген үйшікті сындырып тастаған.
«Полиция жасағы оқиға орнында 3 бұзақыны ұстады. Олар мінген автокөлік айып тұрағына қойылды. Қоғамдық тәртіпке қарсы жасалған әрекет үшін ұсталған азаматтар тиісті жазасын алатын болады. Өз кезегінде жас жігіттер әрекеттеріне өкінетінін айтып, кешірім сұрады», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің бспасөз қызметі.