« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
«Достық үйінде» облыстық ҚХА активінің қорытынды басқосуы өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләйлә Төрешова, этномәдени бірлестік жетекшілері мен мүшелері қатысты.
Шара «Анамның бейнесі» атты фотобайқау суреттерінің көрмесінен бастау алды.
Мұнан соң облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ләйлә Бегалықызы жыл бойы атқарылған іс-шараларды қорытындылап, алдағы жоспарларын айтып өтті.
– Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы этносаралық қатынастың өзіндік үлгісін қалыптастыру бағытындағы жүйелі жұмыстарды кезең-кезеңімен жүзеге асырып келеді. Бүгінде өңірімізде этносаралық қатынастар ахуалы бірқалыпты. Бұл қоғамдық келісімді сақтау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесі деп білеміз, – деді ол.
Облыстық ҚХА құрылымдары жоспарлы жұмыстар жасап келеді. Бүгінде облыс бойынша 165 қоғамдық келісім кеңесі жұмыс істейді. Аймақта медиация институтын дамыту да жүйелі жолға қойылған. Жыл басынан бері қоғамдық медиаторлардың араласуымен 872 даулы мәселенің шешімі табылған. Қазіргі таңда өңірде 1103 мүшесі бар 118 Аналар кеңесі де жұмыс жасауда. Олардың отбасы құндылықтарын нығайтуда, ұлттық рухты насихаттауда маңызы зор.
– Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 3 аймақтық деңгейдегі жобаны жүзеге асырды. Олар – «Қайырымдылық керуені» акциясы, «Ұлы дала елі» тарихи-танымдық экспедициясы және «Сыр елі – достық мекені» этномәдени бірлестіктердің мәдени күндері. Сонымен бірге «Қайырымдылық керуені» акциясы дәстүрлі түрде жүзеге асырылуда. Жыл басынан бері қайырымдылық жасаушылардың қолдауымен 686 қайырымдылық іс-шара ұйымдастырылып, 40520 адамға 514 млн 700 мың теңгенің көмегі көрсетілді. Алдағы жылы да игі істер жалғасын табатын болады.
2020 – еліміз үшін ерекше жыл болмақ. Себебі, аймақта республикалық Аналар форумын өткізу жоспарлануда. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25, Ұлы Абайдың 175, Әл Фарабидің 1150, Ұлы Жеңістің 75 жылдығы атап өтіледі. Келесі жыл жаңа жеңістер мен үлкен жетістіктер жылы болсын, – деді облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Л.Төрешова.
Басқосу аясында облыстық «Славяне» этно-мәдени бірлестігінің жетекшісі Галина Щербакова, облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі Бақыткүл Мұсаева, Қорқыт ата атындағы ҚМУ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі Айтжан Оразбақов, облыстық ҚХА жанындағы ҒСТ мүшесі, Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Нұркен Әбдіжәлиев, «Қоғамдық келісім» КММ сарапшысы Светлана Крюгер сөз сөйлеп, биылғы жетістіктерін саралады.
Шара барысында облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов сөз алып, мерейтой жылындағы ауқымды жұмыстарға сәттілік тіледі.
– Сіздердің әрқайсыңыз тәуелсіз елдің дамуына және оның қуатты мемлекет ретінде қалыптасуына өз үлестеріңізді қостыңыздар. Бұл ретте Қазақстан халқы Ассамблеясы да маңызды рөл атқарды. Соңғы жылдары облыстық ҚХА этносаралық және ішкі саясат мәселелерінде елеулі жұмыстар жасады. Жаңа идеялар мен бастамалардың генераторы болды. Ендігі жерде облыстық Ассамблеяның құрылымдары ауқымды жұмыстарды аудандарда да жандандыруы қажет. 2020 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің 25 жылдығын атап өтеді. Мерейтойға арналған ең жақсы сыйлық біздің игі істеріміз және жақсы жетістіктеріміз болады, – деді ол.
Жиын соңында бірлік пен татулықты берік етіп, рухани жаңғыру жолында аянбай еңбек еткен жандарға Қазақстан халқы Ассамблеясының марапаттары берілді. «Русская община Казахстана» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының жетекшісі Владимир Толоконниковке Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалі», облыстық ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Нұрсәуле Мұсаеваға Қазақстан халқы Ассамблеясының «Құрмет грамотасы», өзбек этномәдени бірлестігінің жетекшісі Қахар Дадашевқа Қазақстан халқы Ассамблеясының «Алғыс хаты» берілді. Сондай-ақ, облыс әкімі орынбасарының алғыс хатымен этномәдени бірлестіктер, облыстық Ассамблея құрылымдарының белсенді мүшелері марапатталды. Активте жыл бойына облыстық Ассамблеямен бірлесіп, әріптестік бағытта жұмыс жасаған колледждер мен №198 орта мектебі облыстық ҚХА хатшылығының алғыс хатына ие болды. Оған қоса «Анамның бейнесі» тақырыбындағы фотобайқаудың жеңімпаздары анықталып, үздік фото иелеріне жүлделі орындар табысталды.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |