Балғындар мерекесі

Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейде Қазалы ауданы әкімінің балаларға арналған жаңа жылдық шыршасы өтті. Оған аудан мектептерінен жиналған 80-ге жуық үздік оқушылар қатысып, жаңа жылдық шыршаның шамы жанды. Мереке қарсаңында балалар керемет көңіл күйге бөленді.

Жаңа жыл шыршасын тойлау салтанаты алдымен оқушылардың мерекелік өнер көрсетуімен басталды. Балалар би биледі. Ән шырқады. Ертегі кейіпкерлерімен қызықты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Мерекелік шарада аудан әкімі Мұрат Ергешбаев бүлдіршіндерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, өтіп бара жатқан жылдың жемісті болғандығын ерекше атап өтті. Және барлық оқушыларға мерекелік сыйлық ретінде планшеттерді табыс етті.

Концерттік бағдарламадан кейін балалар аудан әкімінің ең тәтті сыйлығы торттан ауыз тиді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 желтоксан 2019 г. 445 0