24 желтоқсанда «Электро-Л» № 3 Ресей метерологиялық жер серігі бар «Протон-М» зымыран-тасығышы ұшырылған болатын. «Роскосмос» 2019 жылға арналған Байқоңыр ғарыш айлағының ұшыру бағдарламасын аяқтады, деп хабарлайды
ҚазАқпарат тілшісі.
2019 жылғы статистикаға сәйкес, Халықаралық ғарыш станциясының бағдарламасы бойынша Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі мүдделі коммерциялық ұшыру бағдарламасы аясында Байқоңырдан 13 ғарыш ұшырылымы жүзеге асырылды.
«16 жыл ішінде алғаш рет Ресей ғарыштық ұшырылымды апатсыз аяқтады. Оның 13-і - Байқоңыр ғарыш айлағынан, 8-і - Плесецкіден, біреуі - Шығыстан, үшеуі - Курудан ұшырылды», - деп хабарлайды «Роскосмостың» баспасөз қызметі.
«Алайда, 25 ұшырылым сәтті болса да, 33 ұшырылымымен (31-і сәтті) Қытайды және 27 ғарыш ұшырылымымен АҚШ-ты көшбасшылық позициядан ығыстыру үшін жеткіліксіз болды», - дейді сарапшылар.