Жолда қалып қойған жолаушыларға көмек көрсетті

 Өткен аптада республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» тасжолында Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері полиция аға лейтенанты Аябек Құрбанов пен полиция аға лейтенанты Әділсейіт Қалағанов кезекті патрульдеу кезінде жолдың 1620 шақырымы тұсында жол жиегінде тұрған «Газель» маркалы автокөлігін байқайды.
Полиция қызметкерлері тексеру барысында Қазалыдан  Қызылорда  қаласына бағыт алған  жүргізуші мен оның 3 жолаушысының көліктің  техникалық ақау салдарынан жолда тоқтауға мәжбүр болғанын анықтады.
Ауа райының суық болуына байланысты олар тоңып қалған жолаушылар мен көлік жүргізушісін өз автокөлігіне отырғызып, дереу көмек көрсетті.  Содан кейін  олардың бұзылған автокөліктерін  "Қорқыт" кешеніне дейін сүйреп апарады. Осылайша, полицейлер жолда қалған азаматтарға қолдан келген көмектерін көрсетті.
Өз кезегінде көлік жүргізушісі мен оның жолаушылары «Instagram» әлеуметтік желісі арқылы полиция қызметкерлеріне алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Қызылорда облысы аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері оқыс оқиғалардың алдын алу үшін тәулік бойы патрульдеу және бақылау жұмыстарын жүргізу үшін күшейтілген кезекшілікке қызметке түсіп, жұмыс жасауда.
Өз кезегінде, жолдардағы төтенше жағдайларды болдырмау үшін Қызылорда облысының Полиция департаменті жылдамдық режимі мен ара қашықтықты сақтау қажеттігін ескертеді. Жол қозғалысы ережелерін бұзу, әсіресе қолайсыз ауа райы мен көктайғақ кезінде елеулі жол-көлік оқиғаларының себебі болуы мүмкін.


Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 желтоксан 2019 г. 158 0