« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен Достық үйінің мәжіліс залында облыстық ҚХА активінің қорытынды басқосуы болып өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләйлә Төрешова, облыстық ассамблея құрылымдары, этномәдени бірлестіктің жетекшілері мен мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.
Қатысушылар Достық үйінің фойесінде әзірленген «Анамның бейнесі» тақырыбында фото байқау суреттерінің көрмесімен танысты.
Актив отырысы басталмас бұрын қатысушылар Алматы маңында ұшақ апатынан орын алған қайғылы оқиғаға ортақтасып, 1 минут үнсіздік жариялады.
Активте облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләйлә Бегалықызы жыл бойы атқарылған іс-шараларды қорытындылап, алдағы жоспарларымен бөлісті.
«Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы этносаралық қатынастың өзіндік үлгісін қалыптастыру бағытындағы жүйелі жұмыстарды кезең-кезеңімен жүзеге асырып келеді. Облыс көлемінде түрлі форматты 250 іс-шара ұйымдастырылып, оған 300 мыңға жуық адам қамтылды. Облыстық ҚХА құрылымдары жоспарлы жұмыстар жасап келеді. Бүгінде облыс бойынша 165 Қоғамдық келісім кеңестері жұмыс атқарады. Осы уақытқа дейін Қоғамдық келісім кеңестерінің отырыстарында 68 мәселе оң шешімін тапты. Аймақта медиация институтын дамыту бағыты бойынша жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Жыл басынан бері қоғамдық медиаторлармен 872 даулы мәселе оң шешімін тапты. Күні кеше ғана облысымызда өздеріңіздің қатысуларыңызбен дәстүрлі «ІІ Медиаторлар жиыны» ұйымдастырылды. Облыстық ассамблея жанындағы Аналар кеңесінің отбасы құндылықтарын нығайтуда, ұлттық рухты насихаттауда атқарар рөлі ерекше. Қазіргі таңда облыс көлемінде құрамында 1 103 мүшесі бар 118 Аналар кеңесі жұмыс жасауда.
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 3 облыстық деңгейдегі жобаларды жүзеге асырды. Олар: «Қайырымдылық керуені» акциясы, «Ұлы дала елі» тарихи-танымдық экспедициясы және «Сыр елі – достық мекені» этномәдени бірлестіктердің мәдени күндерін ұйымдастыру. Аталған жобалар облыстың маңызды іс-шаралар жоспарына енгізілді. Облыстық этномәдени бірлестіктердің қатысуымен «Сыр елі – достық мекені» жобасы аясында 40-тан астам іс-шаралар ұйымдастырылды. Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» акциясы дәстүрлі түрде жүзеге асырылып келеді. Жыл басынан бері қайырымдылық жасаушылардың қолдауымен 686 қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылды. Сондай-ақ 40 520 адамға 514 млн. 700 мың теңгенің көмегі көрсетілді. Алдағы жыл мерейтойлық күндерге бай. Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25-жылдығынан басқа, елімізде Ұлы Абайдың 175-жылдығы, Әл-Фарабидің 1150-жылдығы, фашизмді жеңудің 75-жылдығы атап өтіледі. 2020 жыл «Еріктілер жылы» болып жарияланды. Біз Достық үйінің базасында волонтерлік қозғалысты біріктіруіміз керек»,-деді.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |