Сырдария ауданында «Жасыл ел» сарбаздары марапатталды

Сырдария ауданында «Жасыл ел» сарбаздары марапатталдыСырдария ауданында «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 2012 жылы 30 жас, 2013 жылы 50 жас жұмыспен қамтылған болатын. Ал осы жылы 74 жас жұмыспен қамтылып, ауданның көркейту-көгалдандыру жұмыстарына өз үлестерін қосты. Осыған орай өткен кездесу барысында аудан басшысының орынбасары белсенділік танытып жүрген "жасыл елдіктерді" марапаттады.
Басқосуда Балтабай Ордабеков, Сәбит Садықов, Ербол Ибадуллаев, Қанат Жарылқасынов, Назерке Омарова, Айым Бекзатова, Зульфия Жұмабаева сынды жастарға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар тапсырылды. Студент жастардың атынан болашақ журналист Б.Ордабеков сөз алып, аудан әкімінің орынбасары Е.Ертарғынұлына алғысын білдірді. 
Естеріңізге сала кетейік, "Жасыл ел" бағдарламасына байланысты Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2005 жылы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Үкіметке "Демалыс кезінде студенттерге тұрғын үй тұрғызатын құрылыс отрядтарында жұмыс беру, елімізді көгалдандырудың "Жасыл ел" бағдарламасын өрістетіп, бұл игілікті іске студенттерді және жұмыссыз жастарды қатыстыру” мәселесін нақты міндеттеген болатын. Осыған орай 2005 жылдан бастап "Жасыл ел және студенттер құрылыс жасақтарының" облыстық штабы өз жұмысын бастаған болатын. Содан бері "Жасыл ел" жалпы ұлттық бағдарламасы Қазақстан жастарының арасында айрықша рөлге ие болып, соңғы үш жылда үлкен жетістіктерге қол жеткізді. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 тамыз 2014 г. 881 0