Негізгі азық-түлік өнімдерінің 2014 жылдың 1 тамыздағы бағалары

Негізгі азық-түлік өнімдерінің 2014 жылдың 1 тамыздағы бағаларыҚызылорда облысында ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараттық-маркетингілік жүйесі арқылы күнделікті негізгі азық-түлік өнімдерінің бағаларына мониторинг жүргізіліп отыр. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ақпараттық-маркетингілік жүйесі арқылы күнделікті негізгі азық-түлік өнімдерінің бағаларына мониторинг жүргізіліп отыр. 
Жүргізілген мониторингтің нәтижесінде бүгінгі күні ең арзан өнімдерді облыс аудандары мен Қызылорда қаласының төмендегі сауда үйлері мен базарларынан алуға болатындығын хабарлайды.
Қызылорда қаласы бойынша «Дәмді» әлеуметтік дүкендерінде І сортты бидай ұнының кг – 54 теңге, қант кг – 130 теңге, еттің бағасы – 950 теңге, картоп – 75 теңге, жуа - 130 теңге, сәбіз - 130 теңге, қырыққабат – 35 теңге, қызылша – 80 теңге, карақұмық  – 145 теңге, арпа жармасы –  95 теңге, сұлы жармасы – 135 теңгеден сатылуда. 
«Мирас» сауда үйінің ауласында орналасқан қоймада картоп кг – 65, жуа кг – 115, сәбіз кг – 130, қызылша кг –70, қырыққабат кг – 30 теңгеден сатылып жатыр. 
Арал ауданы бойынша Арал қаласының «Қанағат» базарының жанынан ашылған әлеуметтік орында қант 1кг -180 теңге, ал, жеке кәсіпкер Н.Сапарбаевтың дүкенінде картоп 70 - теңге, жуа – 120 теңге, сәбіз - 150 теңге, қырыққабат – 50 теңге, өсімдік майының 1 литрі - 230 теңгеден сатылуда.
Қазалы ауданы бойынша «Ырыс-Болашақ және К», «Орын-ай» сауда орындарында жұмыртқа -17 теңгеден, картоп  кг – 60, жуа кг – 110, қырыққабат кг – 40, сәбіз – 130, өсімдік   майы – 240-250 теңгеден сатылуда. 
Қармақшы ауданы бойынша  «Бибінұр» базары мен «Жандос» дүкенінде  картоп кг – 70, сәбіз – 150, жуа –120, капуста - 50 теңгеден сатылып жатыр. ЖК «Ешмұратов», ЖК«Жаппасбаев» дүкендерінде І сортты бидай ұнының кг – 56 теңгеден   сатылып   жатыр.
Жалағаш ауданы бойынша «Ақниет» және «Қаракөз» дүкендерінен І сортты бидай ұнының кг - 57, жұмыртқа – 17 теңгеге, ал тауық етін - 400 теңгеге, өсімдік майы – 230, жуа кг – 110, сәбіз кг – 140, қырыққабат кг - 50 теңгеден алуға болады. Сондай-ақ, «Әділет» базарында еттің кг –  1200 теңгеден сатылып жатыр.
Сырдария ауданы бойынша «Серікбол» дүкенінде картоп – 65, сәбіз – 140, қырыққабат – 50, жуа – 100 , қанттың кг – 160-170 теңге. «Коммуналдық» базарында  тауық еті – 420-430, жұмыртқа – 18  теңгеден сатылуда.  
Шиелі ауданы бойынша «Ә.Шорабаев», базарында картоптың кг - 65, жуа –110, сәбіз – 140, қырыққабат – 40 теңге, жұмыртқаның  10 данасын – 180, тауық етін – 420 теңгеден алуыңызға болады. Сонымен қатар, І сортты бидай ұнының кг -  57 теңгеден сатылып жатыр.
Жаңақорған ауданы бойынша «Мағжан», «Заңғар» және «Нұрасыл» дүкендерінде картоптың кг – 65, жуа – 110, қырыққабат – 40, сәбіз – 130, жұмыртқа - 17 теңге, І сортты бидай ұнының кг – 57 теңге, тауық еті – 420-440  теңгеден сатылса, сондай-ақ «Нұр» базарында еттің бағасы – 1100 теңгеден сатылуда.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 тамыз 2014 г. 872 0