Алматы қаласы маңында ұшақ апатына байланысты Fokker 100 ұшақтарын пайдалануға уақытша тыйым салынды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Әлібек Әбділов айтты, деп хабарлайды
ҚазАқпарат тілшісі.«27 желтоқсан сағат 07-22-де «Бек Эйр» әуе компаниясының Алматы-Нұр-Сұлтан бағытындағы нөмірі 2100 рейсін орындаған Фокер-100 ұшағы Талғар ауданындағы тұрғын үй алабына құлады. Аталған ұшақ бетон қоршауды бұзып, 2 қабатты нысанға соғылған. Жедел түрде құтқару жұмыстары басталды. Өрт шыққан жоқ. Жолаушылар мен экипаж мүшелерін эвакуациялау жұмыстары жүргізілді. Ұшаққта 95 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған. Алдын ала мәліметтер бойынша қаза болғандар саны қазіргі уақыта 12 адам. ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша Премьер-Министр басқаратын комиссия құрылды. Комиссия құрамында ҚР Индустрияжәне инфрақұрылымдық даму министрі, басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері кірді. Комиссия оқиға орнына ұшып кетті. Оқиғаның мән-жайы анықталғанша бұл типтегі ұшақтардың қолданылуы уақытша тоқтатылды, – деді ол.
Оның атап өтуінше, жедел қызмет ету штабы құрылып, шұғыл желі жұмыс істеп тұр:
8 (7172) 53-32-84, Алматы облыстық ТЖД - 8 (7282) 22-02-13, 22-02-18 Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД - 8 (7172) 24-52-12, 24- 51-71, 24- 51- 47» Оқиға орнында құтқарушылар, медицина қызметкерлері, құқық органдарының қызметкерлері жұмыс жасап жатыр, – деді ол.