« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Сарапшылар Қазақстанның қай өңірінде кіріс жоғары екенін санап көрді. Алматы қаласы тізімде көшбасшы болып отыр. Мегаполис тұрғындары орта есеппен айына 238,8 мың теңге алады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Finprom.kz жасаған статистикалық деректерге сәйкес, алматылықтардың айлық табысы бір жыл ішінде 5,7% өскен және 35,8% орта көрсеткіштен асады.
Екінші орынға Нұр-Сұлтан қаласы жайғасты. Астаналықтар айына орта есеппен 230,5 мың теңге алады. Мұнда жылдық табыс 5,9% өскен.
Тізімдегі үшінші орын Қарағанды облысына бұйырған. Мұндағы тұрғындар орта есеппен 209,2 мың теңге алады.
Топ-5 қатарына Маңғыстау мен Шығыс Қазақстан облыстары кірген. Бұл өңірдегі тұрғындар орта есеппен 203,8 мың және 199,8 мың теңге айлық алады.
Республикамыздағы 17 облыстың ішінде тек 9 өңірдің тұрғындары айына көбірек жалақы алады.
Ең төменгі жалақы Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында тіркелген, мұнда орташа жалақы деңгейі 105,3 мың, 134,6 мың және 139,4 мың теңгені құраған.
Айта кетсек, премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев 2020 жылы Қазақстандағы әлеуметтік саланың (жәрдемақы, жалақы және несиелер) қалай өзгеретінін айтып берген еді.
Келесі жылдан бастап еңбекке қабілетсіз немесе жұмысынан айырылған қазақстандықтарға төленетін жәрдемақы 30%-ға өседі. Сондай-ақ асыраушысынан айырылғандар үшін де төлемдер артады.
2020 жылы ұстаздардың, дәрігерлердің және әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы көтеріледі.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |