« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаментінде Әдеп жөніндегі кеңестің қорытынды отырысы ұйымдастырылды.
Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Нұрман Талқанбаевтың төрағалығымен өткізілген отырыста 3 мәселе қаралды.
Кеңес отырысында ең алдымен Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Б.Ысмағұловтың тәртіптік ісі қаралды.
Департамент бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. Мониторинг жұмыстары барысында 9 желтоқсанда «Фейсбук» әлеуметтік желісінің пайдаланушысы Акбота Сыздыкова өзінің парақшасында «Шиелі әкімдігінің басшысы стол үстінде неге отыр??? Масқара????» деген тақырыппен сыни бағыттағы жазба жариялап, видеосын орналастырғаны анықталған.
Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен жан-жақты талқыланған тәртіптік іс қорытындысымен, өзінің әрекеттерімен ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұловқа ескерту түріндегі тәртіптік жазаны қолдану ұсынылды.
Күн тәртібіне сәйкес, кеңес мүшелерінің 2020 жылдың 1-ші жартыжылдығына арналған жеке және заңды тұлғаларды жергілікті жерлерде қабылдау кестесі бекітілді.
Өткен жылы Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері облыс орталығында және барлық аудандарда 2 реттен жеке қабылдау жүргізген. Өткізілген жеке қабылдауларда 356 азамат түрлі мәселелермен жүгінген. Олардың 244-і аудандарда өткізілген көшпелі қабылдауларда болған. Жеке қабылдауға келген азаматтардың сұрақтарына түсіндірме беріліп, шағымдарына байланысты заңды шешімдер қабылданып, құзіреттілігіне байланысты тиісті органдарға жолданып отырған.
Жиында Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Берікбол Байхожаев жыл көлемінде атқарылған жұмыстарды да баяндады. Биыл 13 отырыс өткізіліп, онда қаралған 65 мәселенің 29 тәртіптік істер болса, қалғаны профилактикалық бағыттағы мәселелер екенін алға тартты.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |