Қазалыда жаңа жылдық шырша шамы жағылды

Кеше Әйтеке би кентінің орталық алаңында орнатылған жаңажылдық басты шырша шамдары жағылды. Мерекелік шараны тамашалауға аудан тұрғындары мен қонақтары көптеп жиналды.
Жиналғандарды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен аудан әкімі Мұрат Ергешбаев құттықтады.
– Жаңа жыл – балалар мен ересектер күтетін мереке. Олардың әрқайсысы Жаңа жылда ғажайып болады деп үміттенеді. Бұл мерекенің басты нышаны – шырша. Бүгін біз дәстүрлі түрде оның шамдарын жағу үшін жиналып отырмыз. Ескі жылды жақсы нәтижелермен қорытындыладық. Барлығымыз бірге жақсы жетістіктерге қол жеткіздік және келер жылға өте үлкен жоспарларымыз бар, – деді Мұрат Нәлхожаұлы.
Аудан әкімінің құттықтау сөзінен кейін шырша шамдары жағылып, аспанға түрлі түсті отшашу атылды.
Мерекелік шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 желтоксан 2019 г. 289 0