Байқоңырдан «Электро-Л» метерологиялық жер серігі ұшырылды

Бүгін астана уақытымен 18:03-те Байқоңыр ғарыш айлағынан «ДМ-03» жедел блогы және «Электро-Л» № 3 Ресей метерологиялық жер серігі бар «Протон-М» зымыран-тасығышы ұшырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Протон» зымыранының ұшырылу барысы тікелей эфирде көрсетілді. «Южный» ғарыш орталығының мамандары Байқоңыр ғарыш айлағынан видеорепортаж жүргізді.

Ұшыру штаттық режимде өтті. «Протон-М» зымыранынан бөлініп түскен қалдықтар Қазақстанның Қарағанды облысы мен Ресейдің Алтай аймақтарына түскен.

«Электро» желісіндегі Ресейдің ғарыш құрылғылары аттас геостационарлы гидрометерологиялық ғарыш жүйесі және Ресей Федералды қызметі бөлімінің қоршаған ортаға мониторинг жасау және гидрометерологиямен қамтамасыз ету құрамына кіреді.

«Протон-М» зымыранын сәтті ұшырған «Роскосмос» Байқоңырдағы 2019 жылғы бағдарламасын аяқтады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 желтоксан 2019 г. 405 0