Тұрғындарды Атыраудағы мұнай компаниясына жұмысқа тұрғызбақ болған қызылордалық ұсталды

Қызылордада қала тұрғындарын жұмысқа орналастырып бермек болған алаяқ ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Былтыр қыркүйек айында ол Атырау қаласында орналасқан «Тенгиз-Шевройл» компаниясына түрлі мамандықтар бойынша жұмысқа орналастырып беремін деп, бірнеше қала тұрғынын алдап, ақшаларын алып қойған. Сөйтіп, жәбірленушілерді 3 454 200 тенге шығынға батырған.  
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Қызылорда қаласының 34 жастағы тұрғыны  құрықталып, кінәсін толығымен мойындады. Іс Қылмыстық Кодекстің 190-бабының 2-бөлігінің 2-тармағымен айыптау актісімен сотқа жолданды.
Қызылорда қалалық сотының үкімімен оған 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сот жәбірленушіге келтірілген шығынды заңмен белгіленген тәртіппен өтеуді міндеттеді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 желтоксан 2019 г. 576 0