« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ауа райының бұзылуына байланысты өңір әкімдіктерін бірлесе отырып жұмыс жүргізуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Үкімет отырысында баяндама жасаған Ерлан Тұрғымбаев ауа райының тұрақсыздығы, күннің бірде жылып, бірде суығанынан пайда болған көктайғақ жағдайды ушықтырып тұрғанын айтады. Осыған қарамастан, жазғы дөңгелекпен алысқа жолға шығып кететіндер бар.
«БАҚ пен әлеуметтік желі арқылы барынша хабарлап жатсақ та ескермейтіндер баршылық. Мәселен, Алматы облысындағы Алматы – Шынжар жолында MAN жүк көлігінің жүргізушісі жолды бөліп тұратын қоршауға соғылып, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Осының салдарынан бес көлік жол апатына ұшырады, екі адам көз жұмып, екі адам жарақат алды», - дейді ол.
Осыған ұқсас жағдай Ақтөбе облысында да тіркеліп, 12 көлік жол апатына тап болды.
«Атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан 8 облыста жағдай әлі тұрақсыз. Олар: ШҚО, Атырау, Қостанай, Ақмола, Қызылорда, Павлодар, СҚО және Түркістан облыстары. Осыған қарай облыс әкімдері жағдайды бақылауға алып, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде бірге күш салуға шақырамыз», - деді Ерлан Тұрғымбаев.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |