Байқоңырдың білім ошақтары келесі жылы қазақстандық стандартқа көшеді

Байқоңырдың білім ошақтары келесі жылы қазақстандық стандартқа көшеді2015 жылы Байқоңыр қаласының білім ошақтары қазақстандық стандартқа көшеді. Облыстық мәслихаттың ХХІХ сессиясында өңір басшысы Қырымбек Көшербаев осылай мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz әкімнің бспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
«Байқоңыр қаласындағы мектептерімізді қазақстандық стандартқа көшіру мәселесі оң шешімін табуда. Жыл аяғына дейін екі елдің білім және ғылым министрліктері арасында барлық қажетті құжаттарға қол қойылады деген сенімдемін. Сөйтіп, 2015 жылдан бастап байқоңырлық мектептер біздің елдің стандарты бойынша жұмыс істейтін болады», - деді Қырымбек Көшербаев. 
Сонымен қатар қазіргі кезде өңірлік даму министрлігі Байқоңыр қаласы, Төретам кенті, Ақай ауылдық округін әлеуметтік-экономикалық жағынан дамытудың кешенді жоспарын бекіту жөніндегі үкімет қаулысын дайындауда.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 тамыз 2014 г. 875 0