БАҚ-ты интернетке көшірудің маңыздылығы

Қызылорда. Облыстық баспасөз клубында «Аймақтық БАҚ-ты интернетке көшірудің маңыздылығы» тақырыбында семинар болып өтті. Оны «Қазконтент» акционерлік қоғамының BAQ.KZ ақпараттық порталының ұйымдастырды. Семинарды ақпараттық порталдың қызметкері Нұрлыбек Досыбай жүргізді. 
Қазіргі таңда интернет ресурстар қарқынды дамып келеді. Ресми мәліметтерге қарағанда осыдан үш жылдай бұрын елімізде 4,5 млн. адам интернетті пайдаланушылар қатарын толықтырған еді. Бүгінгі күні олардың саны 10 млн. адамға жуықтады. Осындай сұранысты қанағаттандыру мақсатында «Қазконтент» акционерлік қоғамы BAQ.KZ ақпараттық порталының тұсауын кесті. Бүгінгі таңда аталмыш ақпараттық порталда біздің облыстан 30-ға жуық мерзімді басылым өзінің интернет-парақшасын ашты.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 қазан 2013 г. 1 158 0