Сыр мешіттері жылдық есеп берді

«Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қарасты қала және аудан мешіттерінің Бас имамдары 2019 жылы атқарылған жұмыстар нәтижесі бойынша есеп берді.

Имамдар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен бекітілген төрт бағыт: оқу-ағарту, діни-ағартушылық және үгіт-насихат жұмыстары, жат ағымның алдын-алу, қайырымдылық бағыттарынан бөлек Басқарма тарапынан келген өзге де тапсырмалар мен қоғамға үлгі боларлық іс-шаралар, мешіт құжаттамасы, кадр мәселесі, жастар бағытының есебін баяндап, көрсеткіштерімен бөлісті.

ҚМДБ-ның Сыр өңірі бойынша Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы мешіт имамдарына Алматы қаласында өткен кеңейтілген Төралқа отырысында талқыланған мәселелерге тоқталып, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының тапсырмасымен таныстырды. 2020 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл толуына орай, Бас мүфтидің "30 жылдықта 30 игі шара" өткізу жөніндегі тапсырмасын түсіндірді. Сонымен қатар, атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша сын-ескертпелер беріп, аймағымызда өткізілген өнеге аларлық шараларды атап өтті.

Сөз соңында аталмыш жылда белсенді атқарылған игі жұмыстар үшін алғыс білдіре отырып, келер 2020 жылы бұдан да жоғары деңгейде жұмыс атқарылуы керектігін жеткізді.


ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 желтоксан 2019 г. 318 0