Есепті кезеңде кірістер жоспары 5 млрд. 249 млн. теңге болып белгіленіп, 5 млрд. 329 млн. теңгеге немесе 80 млн. теңгеге ауданның өз кірістері есебінен артық орындалды (102%).
2014 жылға ауданның өз кірістерінің жоспары 1 млрд. 452 млн. теңге болып, 2012 жылмен салыстырғанда 284 млн. теңгеге (124%), 2013 жылмен салыстырғанда 214 млн. теңгеге (117%) артық жоспарланған.
2014 жылдың 6 айында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда аудан бюджетіне 78 млн. теңге түсім артық қамтамасыз етілді.
Аудан бюджетіндегі даму бағдарламаларының көлемі 1 млрд. 649 млн. теңгені құрады. Жалпы бюджет көлемінің 16 пайызы.
Облыстық басқармалар арқылы ауданда іске асырылатын инвестициялық жобалар - білім, денсаулық, спорт, мәдениет нысандарының құрылысын салу және инфрақұрылыммен жабдықтау жобаларын қаржыландыруға биыл 4 млрд. 36 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2012 жылмен салыстырғанда облыстық басқармалар арқылы құрылыс салуға бөлінген қаржы 2 млрд. 378 млн. теңгеге, 2013 жылмен салыстырғанда 2 млрд. 209 млн. теңгеге немесе 2 есеге өсті.
Сонда 2014 жылы аудан бюджетінің жалпы көлемі аудандық бюджет пен облыстан тікелей қаржылындырылып отырған құрылыстарды есептегенде 14225 млн. теңгені құрап отыр, бұл көрсеткіш 2012 жылмен салыстырғанда 4764 млн. теңгеге артық.
Сонымен бірге 2014 жылғы аудан бюджеті көлемі жағынан облыс бойынша Қызылорда қаласынан кейінгі 2-орында.