Аудан әкімі М.Қалдарбеков Қармақшы аудандық тарихи - өлкетану музейінде өткізілген «Музей түні» атты тарихи-танымдық мерекелік шарасына қатысты.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында, жастарға тарихымызды насихаттау үшін «Музей түні» атты кешкі мерекелік шара жоғары дәрежеде ұйымдастырылды.
Сан ғасырлық мұралардың киелі ордасына айналған аталған музейде Қармақшы ауданындағы археологиялық қазба жұмыстардан табылған экспонаттар, «Тәуелсіз Қазақстан кезеңі» мен «Киіз үй» бөлімдерінде қойылған театрландырылған көріністер көне заманды бейнеледі.
Музей басшысы Дәурен Ержановтың айтуынша «Қола дәуірінен бастап Қорқыт Ата өмір сүрген кезеңге дейінгі аралықтағы тарихи мәдени құндылықтарымыз бүкіл әлем ғалымдарының, ЮНЕСКО-ның назарын өзіне аударып, ұлттың рухани алтын қазығына айналып отырғандығын жеткізді».
Ғасырлар тереңінен сыр тартқан өлке тарихымен жете танысуға шақырған «Музей түні» мәдени шарасы алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі