«Аймақтар аламаны» өнер фестивалі өз мәресіне жетті

Ш.Төлепова атындағы Қармақшы аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы және 2019 жыл – Жастар жылы аясында аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Аймақтар аламаны» атты өнер фестивалінің финалы өтті.
Финалға Төретам кенті, Ақай, Жаңажол, Ақтөбе ауылының өнерпаздары қатысып, өзара бақ сынасты.
Қазылар алқасының шешімен «Ұлағат» номинациясымен Төребай би және Ақжар ауылының «Әжелер» ансамбльдері, «Шабыт» номинациясымен Тұрмағамбет ауылдық клуб үйінің жанынан құралған «Драма» үйірмесі, «Алтын дауыс» номинациясымен Қармақшы ауылының өнерпазы Әділет Бимұратұлы, «Муза» номинациясымен ІІІ Интернационал ауылының өнерпазы Назым Абуқасымова мен ұстазы Гүлжан Әбдірова, «Үздік көрме» номинациясымен Қызылтам ауылының өнерпазы Рақымжанов Жомарт, «Ұлт құндылығы» номинациясымен Ақай ауылының өнерпазы Махамбетов Дәріқұл, «Ағалар жолымен» номинациясымен Иіркөл ауылының «Ағалар» ансамблі марапатталды.
Сонымен бірге ІІІ орынды – Төретам кенті, ІІ орынды – Ақтөбе ауылдық округі, І орынды– Ақай ауылдық округінің өнерпаздары иеленді.
Бас жүлдені және 300 000 теңге сыйақыны Жаңажол ауылдық округінің өнерпаздары жеңіп алды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 желтоксан 2019 г. 588 0