Зияткерлер мектеп-интернатына кітап сыйлады

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары аймақтағы есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №6 арнайы (түзету) мектеп-интернатының білім алушыларымен кездесіп, мекеме кітапханасына кітаптар сыйлады.
Зияткерлік мектептің «Қоғамға қызмет ету» жобасы аясында «Номад» Шаңырақ қауымдастығының оқушылары, ІТ қызметкерлері және кітапханашылар бірлесіп ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға қамқорлық көрсетті.
Оқушы бойында гуманистік, патриоттық және мейірімділік сияқты рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуды мақсат еткен білім ордасы бұл жолы №6 арнайы мектеп-интернатында қызықты тренинг-ойындар ұйымдастырып, жас өрендер арасында достық байланыс нығая түсті.
– Бұл кездесу маған өмірлік тәжірибе берді десем болады. Ерекше жандармен тез тіл табысып, қызықты ойындар арқылы қарым-қатынас жасау қабілетімізді арттырды. Қоғамға пайдасын тигізетін шаралар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады, – деді 12-сынып оқушысы Дильназ Жақсылық.
Кездесу барысында зияткерлер балалардың зейінің дамыту мақсатында қазіргі таңда үлкен сұранысқа ие әртүрлі жанрдағы кітаптарды мектеп кітапханасына үйлестірді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 желтоксан 2019 г. 525 0