« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Бүгін ел Үкіметінің отырысында 2020-2025 жылдарға арналған денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасының жобасы талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бағдарламаның мақсаты – сапалы және қолжетімді денсаулық сақтауды қамтамасыз ету. Осы мақсат үш міндет арқылы тоғыз жұмыс бағыты аясында орындалады. Алғашқы міндет – қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту. Осы орайда, тұзды тұтыну 31 пайызға, темекі шегу 13,6 пайызға, алкогольді тұтыну 16 пайызға төмендейді. Дене шынықтыру және спортпен айналысатын халық үлесі 36 пайызға жетеді. Екінші бағыт аясында тамақ өнімдерінің сапасына, негізгі инфекциялық аурулармен күреске және жарақаттану мен жазатайым оқиғаларды төмендетуге назар аударылады», - деді бағдарлама жобасын таныстырған ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Оның айтуынша, нәтижесінде адамның иммун тапшылығы вирусінен емдеумен қамту 29 пайызға артады, жол-көлік оқиғасынан өлім 24 пайызға, туберкулезбен сырқаттану 9 пайызға, уланудан өлім 10 пайызға төмендейді. Үшінші бағыт аясында аурулардың алдын алуға, жастар денсаулық орталықтарын күшейту арқылы балалар мен жастар денсаулығына, оның ішінде менталді және репродуктивті денсаулыққа ерекше көңіл бөлінеді. Осы шаралардың арқасында алғашқы медициналық-санитариялық ұйымдарға профилактика мақсатымен келу жиілігі 16 пайызға артады.
«Келесі бағыт – Адами капиталды дамыту. Мұнда кәсіби дамытуды жетілдіру, биомедициналық зерттеулер нарығын дамытып, коммерцияландыру, дербестендірілген медицинаны енгізу көзделген. Жалақыны арттыру, әлеуметтік қолдауды күшейту, кәсіби жауапкершілікті қорғау арқылы медициналық қызметкер мәртебесін арттыру жоспарланған. Дәрігердің орташа жалақысы 2025 жылы 2,5 есеге өседі және ауылдағы медициналық қызметкерлермен қамтамасыз ету 13 пайызға артады, клиникалық зерттеулер саны 2 есе көбейеді», - деді ол.
Министрдің атап өтінше, бесінші бағыт аясында педиатрия, оңалту және басқа медициналық қызметтерді кеңейту және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жетілдіріледі. Пациенттердің медициналық көмек сапасына қанағаттану 65 пайызға дейін артады, мүгедектікке алғашқы шығу деңгейі 2,4 пайызға төмендейді. Ал алтыншы бағыт ақпараттық жүйелерді одан әрі дамытуды, бизнес интеллект құралдарын енгізуді, қашықтық медицинасын дамытуды, статистиканың жаңа тәсілдерін енгізуді көздейді. Осылайша, интероперабелдік платформасымен толық интеграцияланған медициналық ұйымдар үлесі 90 пайызға жетеді.
«Денсаулық сақтау жүйесінің тұрақты дамуы» деген үшінші міндет аясында халықтың денсаулыққа жеке шығындары 39 пайыздан 27 пайызға төмендейді. Елбасының тапсырмасын орындау барысында, алғашқы медициналық-санитариялық көмек пен қоғамдық денсаулық сақтауды қаржыландыру жалпы шығыстардың 60 пайызына жетеді. Сегізінші бағыт аясында құрал-жабдықтарды жаңартуға, ірі объектілерді салуға инвестициялық шығындарды өтеу, тарифтерді жетілдіру көзделген. Президент тапсырмасы бойынша, медициналық техникамен жабдықтау 100 пайызға жетеді, медициналық ғимараттарының тозуы 32 пайызға төмендейді, денсаулық саласына инвестициялар көлемі алты жылда 2,8 триллион теңгеге артады. Оның ішінде жеке инвестициялар үлесі 70 пайыздан асады«, - деді ол.
Оның дерегінше, 2025 жылға дейін халықаралық стандарттарға сай 19 заманауи көпсалалы аурухана салынады және бұған 1 трлн теңгеден астам инвестиция тарту жоспарланған. Бұл ірі халықаралық жеке инвесторлар арқылы орындалады. Осылайша, маңызды аурухана төсек орындары 50 пайызға жаңарады. Бұл мақсатта осы жылдың 11 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа қайта құру және даму банкі арасындағы ниет туралы меморандумға қол қойылды.
»Тоғызыншы бағытқа менеджерлерді дайындау және жобалық басқаруды одан әрі енгізу енді. Ашықтықты қамтамасыз ету үшін, өңірлердің қатысуымен денсаулық сақтаудың барлық деңгейінде жобалық жұмыс пен корпоративту басқару көзделген. Нәтижесінде, аккредиттелген медициналық ұйымдар үлесі 70 пайызға, менеджмент бойынша жоғары көрсеткіштері бар медициналық ұйымдар үлесі 45 пайызға жетеді«. - Елжан Біртанов.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |