Тәуелсіздік мерекесінің құрметіне басталған «Мен қазақпын» челленджін түркиялықтар да қолдады.
Қазақстан елшілігі, Ыстамбұл мэриясы, қазақ диаспорасы және Түркияда білім алушы жастар мен қала тұрғындары қосылып «Мен қазақпын» әнін шырқады. Сөйтіп, шетте жүрген қандастарымызбен қатар шетелдіктер де қазақ еліне деген ыстық ілтипаты мен құрметін осы челлендж арқылы көрсетіп жатыр. Естеріңізге салайық, Тәуелсіздік күніне арналған «Мен қазақпын» әнімен байланысты «Тәуелсіздік тұғырым» челленджін павлодарлық оқушылар бастап, оны еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қолдаған еді.