Желтоқсанда алаңға шығып, теңдік талап еткен қаһармандарға тағзым етеміз - Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Желтоқсан құрбандарын еске алды.
«Бүгін біз Азаттық пен Тәуелсіздік үшін жанын пида етіп, Жоңғар шапқыншылығына қарсы тұрған батырларға, XVIII-XIX ғғ. ұлт-азаттық қозғалысына қатысқан қайраткерлерге, Алаш-Орда арыстарына, Желтоқсанда алаңға шығып теңдік талап еткен қаһармандарға тағзым етеміз!», - деп жазды Twitter парақшасына ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.